Әбден Түркістанға барды

Ұлт тәрбиесінің өзегі – ұлттық тағам. Қарақат Әбден ШЫымкент кәсіпкерлерімен кездесуде осылай деді. Президенттікке кандидат бизнес өкілдерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біз қымыз арқылы қазақтың көне кейпін, бекзада болмысын көрсетеміз. «Ұлттық тағам қолына қыран қондырып, тұлпар мінген бөрікті жұрттың айнасы», - дейді кандидат.

Қарақат Әбден, ҚР Президенттігіне кандидат:

- Экономика дегеніміз тек қана мұнай мен газ емес. Біз шағын және орта бизнесті қолдауымыз керек. Ұлттық тағамдарды брендке шығаратын кәсіпкерлерді қолдасақ, туризм саласы да дамып, үлкен деңгейге жететін еді.

Бұдан кейін кандидат спортшылармен кездесті. Аймақтағы дүбірлі доданың ашылуына қатысып, салауатты өмір салтын ұстанған жастармен пікір алмасты. Соңында өңірлік штабта болып, атқарылған жұмыстармен танысты.