Мейрам Қажыкен Теміртау қаласына барды

Президенттікке Кандидат Мейрам Қажыкен кеншілермен кездескеннен кейін Достық үйіне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салалық кәсіподақ өкілдері, жеке құрылыс, коммуналдық және күзет компанияларының қызметкерлерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Олар жалақы, экология мәселелері және жұмысшылардың құқықтарын қорғау туралы тақырыптарды көтерді. Мейрам Қажыкен ел экономикасын реформалау жөніндегі идеяларымен бөлісті.

Мейрам Қажыкен, ҚР Президенттігіне кандидат:

- Қазақстанда еңбекақы төлеу жүйесі, ең төменгі еңбекақыны есептеу жүйесі жоқ. Кәсіподақтар есептеуді біледі. Үкімет артық шығын жұмсамауы үшін әдістерімен бөлісуге дайын.