Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды

Бүгін халықаралық деңгейдегі ұйымдар мен шетел байқаушыларын аккредиттеу аяқталды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды. Тіркелгендердің ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532, ал 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы қатысады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша бұл сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді. 

Нұрлан Әбдіров, орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейінділігімізді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер мен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі.