Салтанат Тұрсынбекова Атырау облысына барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанымен Атырау облысына барды.

Медициналық мекеме қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Жиын барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қалалықтардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде көтерілген негізгі мәселе – ана мен бала өлімі. Кандидат бұндай жағдайлардың басты себебін атап, шешу жолдарына да тоқталып өтті.

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

- Жүкті әйелдердің өлім-жітімінің өсуінің негізгі себептерінің бірі Ковид пандемиясы болды. Ал келесі мәселе ғимараттардың тозуы, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы мен жабдықтардың жеткіліксіз деңгейі. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тек бір ғана Атырау облысында ана өлімінің 2 фактісі тіркелді. Ал 1 жасқа дейінгі бала өлімі болса бұл өңірде 9 ай ішінде 114-ге жеткен.