Сайлауды халықаралық байқаушылар бақылайды

Президент сайлауының әділдігін бақылауға көршілес мемлекеттерден келген делегациялар да атсалысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей мен Беларусь одағы парламенттік ассамблеясының мүшелері елорда ғана емес, елдің өзге өңірлерінде де сайлау науқанын қадағалайтынын айтады. Халықаралық байқаушылар бүгін дайындықтарын пысықтап, жаңа Конституция аясында өзгерген бюллетендегі «барлығына қарсы» деген баған енгізілгенін қуана құптады.

Светлана Лубецкая, делегация үйлестірушісі:

Саяси науқанға дайындық қалай жүргені жайлы толыққанды ақпарат алдық. Ертең жұмысты бастаймыз. Біздің байқаушылар саяси науқанды бақылап ғана қоймай, әлеуметтік әділеттілікті, ашықтық пен сайлаудың қолжетімділігін сақтау тәжірибесімен де танысатын болады.