Франциядан келген байқаушы өз бағасын берді 

Франциядан келген байқаушы алматылықтар сайлауға позитивті қарайтынан айтты.

Францияның халықаралық қатынастар институтының сарапшысы Микаэль Левистон: «Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де көптеп қатысуы таң қалдырды», – дейді. Бүгін ол Алматыдағы 5 сайлау учаскесінде болған. Олардың бірі Ұлттық кітапханада орналасқан. Баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде шетелдік сарапшы мемлекеттің өз болашағына ұмтылып жатқаны анық екенін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне келуі үшін барлық жағдай жасалғанын, оның көптеген елдерге үлгі екенін атап өтті.