Ақтөбеде сайлауды ЕҚЫҰ өкілдері бақылады

Ақтөбе облысында сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Бұл туралы партиялық емес байқау орталығының облыстық филиал өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жабық режимдегі орындардан басқа, өңірдегі 502 сайлау учаскесінің жұмысын бақылап отырған олар дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өттті. Облыста Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген 16 байқаушы жүрді.