Сайлаудың барысын 641 шетелдік байқаушы қадағалады

Олардың 532-сі халықаралық ұйымдардың өкілдері, қалғаны 35 шет мемлекеттен келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар күні бойы әр өңірдегі дауыс беру учаскелерін аралап, жергілікті сайлау комиссияларының қызметін бағалады. Ал бүгін олар президенттік сайлау жайындағы пікірімен бөлісіп жатыр. Дәл қазір әріптесім Дариға Ташенова бізбен тікелей байланысқа шығып, халықаралық

Дәл қазір біз халықаралық байқаушылар брифингтерінің сессияларын тыңдап жатырмыз. Ең бірінші болып баспасөз алаңына көрші Ресей елінің өкілдері келді. Жазушы Леонид Млечин мен ғалым Александра Перминова тілішлер қауымымен президенттік сайлау кезінде алған әсерімен бөлісті. Бұл байқаушылар  өз қызметін елордада атқарды. Олар 10-нан астам дауыс беру учаскесін аралап шықты. Спикерлердің айтуынша олар сайлау бөлімшелерінде өрескел заң бұзушылықтар байқаған жоқ. Олар дауыс беруге келген қазақстандықтармен сұхбаттасып үлгерген. Александр Млечин өз мәлімдемесінде біздің азаматтар сайлау туралы толық ақпараттандырылғанын ерекше атап өтті. Ал Александра Перминованың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелерінің қызметіне қатысты өз пікірімен бөлісті. Мәселен, ол дауыс берушілердің қандай да бір мәселелері сол мезетте шешілгенін байқаған екен. Ал Дәл қазір Ресейлік байқаушылар өткізген брифингтің бір бөлігіне назар аударсаңыздар.