Сарапшы: Сайлау әділ өтті

Кеше елеулі оқиға орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқы демократияға жақындаған күн. Биылғы сайлау ақиқатқа жақын болды.  Бұл ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазының пікірі. Оның айтуынша, халық өз таңдауын жасады.

Серікзат Дүйсенғазы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

- Осы сайлаудан кейін енді кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып жатыр осы сайлаудан кейін әділлетке жақындаймыз. Халықтың сенімін ақтаймыз. сол сөзіне сенейік. Алдағы уақытта біздің Қазақстанымыз құқықтық мемлекетке айналып, заңдары мықты. Заң тетігі жұмыс істейтін мемлекетке айналып, алдағы уақытта Қазақстан демократиялық құндылықтарды салтанат құратын сондай бір берекелі әлемдегі өркениетті елдердің қатарына кіреді депойлаймыз.