Бауыржан Қаниев: «Қазақстан темір жолы» компаниясын өз ісінің кәсіби маманы басқару керек

«Қазақстан темір жолы» компаниясын өз ісінің кәсіби маманы басқару керек. Бүгін Сенат депутаты Бауыржан Қаниев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Оның айтуынша: «Бұл салаға жүйелі өзгерістер қажет. Өйткені пойыздардың жағдайы нашар. Жолаушылар вагондарының 53% тозығына жетті», - деді депутат. Салдарынан жұртты тасымалдау кезінде тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмай жатыр. Билет тапшылығы мен оның қымбат болуы да халықты алаңдатып отыр. «Осындай ахуалдың қалыптасуы ел амуағында туризм саласының дамуын тежейді»,- деді Бауыржан Қаниев.

Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Темір жол тасымалының әлеуметтік-экономикалық маңызы мен транзиттік әлеуетін ескере келгенде «Қазақстан темір жолы» АҚ түбегейлі реформаларды қажет етеді. Осы мәселелерді шешуді, ең алдымен, саланың тәжірибелі мамандарын басшылық лауазымдарға тағайындаудан бастаған жөн деп санаймыз. Елімізде мемлекеттік активтерді жекешелендіру салдарынан болған жағымсыз жағдайларды ескере отырып, жекешелендірілген тұйықтарды, багаж бөлімшелерін «Қазақстан темір жолы» АҚ меншігіне қайтару қажет.