Дәстүрлі діндер лидерлерінің тілектері жазылған бейбітшілік ағашы таныстырылды

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ізгі тілектері мен жолдаулары жазылған «Бейбітшілік ағашы» таныстырылды.

Қыркүйек айында өткен Жетінші съезд қатысушыларының деңгейі мен саны жағынан да, тарихи оқиға болды. «Бейбітшілік ағашы» интерактивті өнер инсталляциясын таныстыру барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сондай-ақ, ол Съезд дінаралық диалогты жалғастыруға елеулі үлес қосатынын және рухани құндылықтарды, диалог пен өзара құрмет мәдениетін ілгерілету ісіндегі маңызды бастама екенін айтты. Жобаның авторы – белгілі суретші Лейла Махат.