Елордадан Сенат депутаттығына 7 үміткер тіркелді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу 24 жетоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада 7 азамат үміткер ретінде тіркелді. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың айтуынша, бұған дейін 11 адам кандидаттыққа өтінім берген. Алайда төртеуі талапқа сай келмепті.

Айта кету керек, сенатқа депутат болуға үміткерлер Қазақстан азаматы, соңғы 10 жылда елде тұрған, жасы 30-дан асқан болуы керек. Сондай-ақ жоғары білімі мен 5 жылдан аса жұмыс өтілі бар және оны ұсынған аймақта кемінде 3 жыл тұрған болуға тиіс. Сенат сайлауы келер жылдың 14 қаңтарында өтеді.

Бақыт Бектемісова, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сәйкестікті анықтағаннан кейін, кандидаттар декларация тапсырады, өзіне және жұбайына, сосын мүшелік жарнасы бар төленетін. Содан кейін ғана тіркеуден өтді. БАрлық құжаты түгел болса, тіркеу жүргіземіз. Содан кейін барып сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олардың белгіленген арнайы орындары болады, уақыты белгіленеді. Өз таңдаушыларымен кезедсу өткізеді.