Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған екеуара әңгімеде елімізге бейбітшілік пен береке тіледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз жұртымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Әңгіме кезінде тараптар Қазақстан мен Қырғыстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңіл толатынын атап өтті.