Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады.

Президент көрші елдің көшбасшысы Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сапар аясында екі жақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.