Ерлан Қарин ҚСЗИ Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мемлекеттік саясаттың бағыттарын сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуде маңызды миссия атқарып жатыр.

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ұйымның Ғылыми Кеңесіне қатысқанда, осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша институт алдағы уақытта  өзінің кадрлық әлеуетін арттыруға басымдық беру керек. Сондай-ақ  аймақтағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты бекітіп, зерттеу тәсілдерін жетілдіру қажеттілігін ерекше атап өтті. «Әсіресе әлеуметтік зерттеулерді кеңейткен жөн», - деді Ерлан Қарин. Жиынға қатысқан институт басшылары биылғы жұмыстың қорытындылары мен 2023-ші жылғы жоспарлар жайында баяндама жасады.