loader

Мемлекет басшысының атына Эмомали Рахмоннан құттықтау жеделхаты келді

Мемлекет басшысының атына Эмомали Рахмоннан құттықтау жеделхаты келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Эмомали Рахмонның құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның құттықтау жеделхаты келіп түсті. 

«Тәжік тарапы екі елдің достық қатынастарын нығайту үшін осы уақыт аралығында қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалайды. Бұл ретте мемлекетаралық қатынастарды реттеудің сенімді шарттық-құқықтық базасы мен нақты механизмдері қалыптасты. Осы берік негізге және өзара сенім мен құрметтің, стратегиялық серіктестіктің мызғымас қағидаттарына негізделген ынтымақтастығымыз бүгінде барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Біз халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сай келетін өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесе отырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеруге ұмтылатынымызға сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта. 

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа аса жауапты мемлекеттік қызметте зор табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ...