Елімізде «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

Оның құрамына 160-тан астам ұйым енген. Коалиция жұмысының басты мақсаты – сайлаудың әділ өтуін бақылау және азаматтардың сайлау мәдениетін қалыптастыру, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы – ашықтық және демократиялық қағидаларына негізделген жаңа үлгідегі институт. Коалиция төрағасының айтуынша, байқаушылар саны жыл сайын артуда. Мәселен, 2019 жылы 43 мың адам болса, қазір бұл көрсеткіш 100 мыңға жеткен. Ұйым өкілдері алдағы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қоғамдық байқаушылар ретінде қатысатынын мәлімдеді.

Төлеген Күнәділов, «ДАУЫС» байқаушылар коалициясының төрағасы:

- Қоғамда сайлау науқаны жылдан жылға еліміздің күнделікті өміріне еніп келеді. Яғни, әрбір науқан сайын азаматтарымыздың байқаушы ретінде сайлау үрдісін әділ әрі ашық түрде өтуіне өз белсенділігін арттыруға деген ниеттері артып келеді. Бізде 160-тан астам еліміздің әртүрлі деңгейдегі өңірлік болсын, республикалық болсын, әртүрлі салалық бағытта болсын, үкіметік емес ұйымдар, серіктестеріміз бар. Тек науқан кезінде белсенділік танытып қоймай, біз жүйелі түрде шұғылдануға ниет білдіріп отырмыз. Бұл дегеніміз халықтың арасында электоралды мәдениет бойынша, яғни оқыту жұмыстарын жүргізу бойынша білікті мамандар жұмыстарын атқаратын болады.

Ал коалиция ұйымының тең төрағасы әрі журналист Ербол Мәндібек ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар мен әріптестерін тәуелсіз байқаушы болуға шақырды.

Ербол Мәндібек, журналист:

- Мен «ДАУЫС» деген қоғамдық байқаушылар коалициясына қосылдым. Және осы сайлаудың мейлінше әділ және тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде дәлелдеу. Меніңше, алдағы саяси науқан әділ өтеді. Сондықтан менің ойымша, бұл жердегі ең басты қағидат – ол өзіңнің азаматтық ұстанымыңды, патриоттық ниетіңді іспен дәлелдеу.

Айта кеткен жөн, бұл ұйымға мемлекеттен қаржы бөлінбеген. Дегенмен мамандар коалиция бір реттік бастама емес екенін, оның әрі қарай жүйелі жүзеге асатынан атап өтті.

Авторлары: Ерлан Шаншархан, Мамырбаев Нұрғали.