«Ауыл» партиясының өкілдері Таразда зауыт ұжымымен кездесті

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Жамбыл облысында жалғастырып жатыр.

Саяси бірлестік өкілдері Тараз қаласында полиэтилен және полипропилен материалынан қап пен жіп өндіретін зауытқа барды. Жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Партияның саяси бағдарламасын түсіндіріп, сайлау науқанына атсалысудың және дауыс берудің маңыздылығын айтты. Ал зауыт еңбеккерлері өздерін мазалаған сауалдарын қойып, жауап алды. Депутаттыққа кандидаттардың бір бөлігі Жамбыл облысының өзге де аудандарына баруды жоспарлап отыр. Оның ішінде Меркі, Рысқұлов және Жуалы ауданы қамтылады. Ал үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып жүрген негізгі топ ертең Алматы қаласының тұрғындармен кездесу өткізбекші. Жалпы үгіт-насихат сапары кезінде "ауылдықтар" еліміздің барлық өңіріне баруды көздеп отыр.