Президент «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуы тиіс.

Биыл Астана, Алматы және Шымкентте осындай 486 станция пайдалануға беріледі. Мұны «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы айтты. Қуанышбек Есекеев те Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Былтыр «Қазақтелекомның» негізгі қаржы және экономикалық көрсеткіші өскен. Бұл биыл бірқатар ауқымды жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Оның негізгісі 5G желісін жүргізу. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзербайжан – Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты мәлімет берілді. Халықаралық жобаны «AzerTelecom» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жұмысы жалғасады. Сонымен қатар биыл ауылдарды одан әрі интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстан абоненттерін ескірген ADSL желілерінен оптикаға көшіру, көпқабатты тұрғын үйлерді GPON технологиясы арқылы жылдамдығы жоғары интернетке қосу секілді жобалар іске асырылады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы мен ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін одан әрі дамытуды тапсырды.