Respublica партиясының өкілдері Таразға табан тіреді

Жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өз тәжірбиелерімен бөлісті.

Ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы пікір алмасып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді қозғады. Содан кейін мыңнан астам тұрғынмен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Өңірдегі өзекті проблемарға қанығып, оларды шешу үшін өз ұсыныстарын ортаға салды. Мұнан соң жарық техникасы өнімдері мен электротехникалық жабдықтарды өндіретін компанияға бас сұқты. Жұмысшылармен  тілдесіп, отандық өндіріс ошақтарының маңызы жайында әңгімелесті.

Қуаныш Шонбай, Respublica партиясының тең төрағасы:

 - Бүгін Жамбыл облысында үлкен кездесу жасап жатырмыз. Күні бойы үлкен кездесулер. Таңертеңнен бастап кәсіпкерлермен кездестік. Кәсіпкерлермен салық кодексін, сол тақырыптарды қозғадық. Одан кейін халықпен кездесіп отырмыз. Үлкен позициялық философиялық концепциялық әңгімеден бастап, нақты бір тақырыпқа дейін әңгіме болып жатыр.