ЖСДП үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде жүргізді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілердегі парақшаларында жүргізді.

Инстаграм және фейсбукте тікелей эфирге қосылып, оқырмандарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ал парақшаға тіркелген әрбір азамат, өзін алаңдатқан жағдайды баяндап, сауалын қоюға мүмкіндік алды. Бұл тұрғыда саяси ұйым өкілдері сұрақтарға жауап беріп, аталған мәселелелердің шешу жолдарын талқылады. Жалпы бүгінге дейін партия белсенділері 160-тан астам іс-шара өткізіп, оның санын 500-ден асыруды жоспарлап отыр.

Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:

- Бір апталық жұмыстың қорытындысын бүгін өткіздік, қорытындыға келдік. Енді қазір қарқын күшті. Бізге көмектесіп жатқан волонтерлерді атап өткім келеді, мыңнан астам волонтер бар. Шалғайдағы ауылдарға жетеміз ба деп отырмыз өзіміздің бағдарламамызбен.