«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды

«Ауыл» партиясы ел батысындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды.

Кандидаттар Махамбет ауданына барып, сайлаушыларымен кездесті. Мұнан соң асыл тұқымды ешкі шаруашылығымен айналысатын фермаға ат басын бұрып, еңбеккерлерімен әңгімелесті. Одан кейін Атыраудағы Абай орталығына барып, партия мүшелері ұйымдастырған көрмені тамашалады. Келушілер назарына белгілі суретші Камила Жапалованың еңбектері ұсынылды. Өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары ертең өзге аудандарда жалғасады.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Үлкен-кішісі болып бізді жақсы қарсы алып жатыр. Сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін білдіріп жатыр. Жалпы біздің кездесулердің көбі ауылдық жерлерде өткізіліп жатыр.