Қ. Тоқаев В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту әлеуетін талқылады. Әңгіме барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға айрықша назар аударылды. Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.