Respublica партиясының өкілдері Павлодар облысына барды

Respublica партиясының өкілдері Павлодар облысында.

Әуелі облыс орталығына барып, қала халқымен кездесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси науқанның мән-мағынасы жайында сөз қозғады. Жиын барысында аймақтың тыныс-тіршілігі, тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, қаланың экономикалық даму қарқыны егжей-тегжейлі талқыланды. Кездесуге жиналғандардың басым бөлігі жастар. Жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылғандықтан, жастар сауал қойып, спикерлермен пікір алмасты.