Respublica партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр

Respublica партиясының жетекшілері қатарға кірген жаңа жақтастарымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті.

Оларды қызықтырған сауалдарға жауап беріп, тұғырнамаларын таныстырды. Партияның call орталығы күнделікті жұмыс істейді. Операторлар жан-жақтан түскен қоңырауларға жауап беріп, азаматтарға қатарға қосылу жолдарын, тағы басқа сауалдарына жауап береді. Партияның бағыт-бағдары, алдағы жоспарларымен бөліседі. Саяси додаға партия атынан 23 кандидат Мәжіліс депутаттығына бағын сынап жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Республикалықтар 30 мың шақырымды бағындырып, еліміздің түгел дерлік өңірін аралап шықты. Енді саяси ұйым бұл науқанды Ұлытау облысында түйіндемек.