ОСК-ның 12:00-дегі дерегі: азаматтардың 30,65%-і бюллетень алды

Сағат 12-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 30,65 проценті бюллетень алды.

Яғни, 3 млн 687 мың 608 сайлаушы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша Түркістан облысының тұрғындары, белсенділік танытып жатыр. Өңірде азаматтардың 38,29 проценті таңдау жасап үлгерген. Сосын Қостанай мен Жамбыл облыстары тұр. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда, дауыс бергендер саны 11,25 процентті көрсетті.