Электораттың 53,11% дауыс берді. LIVE

Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 53,11 пайызы бюллетень алды.

Яғни Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша еліміздің басым бөлігінде сайлаушылардың жартысынан көбі таңдау жасаған. Әзірге Қызылорда облысының тұрғындары белсенді. Өңірде азаматтардың 65,70 пайызы таңдау жасап үлгерген. Одан кейінгі орында  60 пайызбен Жамбыл облысы тұр. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда, дауыс бергендер саны 22,95 пайызды көрсетті.

Бақыт Топтаева, тілші:

- Орталық сайлау комиссиясы жарты сағат бұрын жариялаған мәліметке сәйкес, Астана уақытымен сағат алтыға дейін сайлаушылардың 53,11% проценті дауыс берді. Яғни,  6 млн 390 мыңнан астам сайлаушы конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауын жасап үлгерді.

 

Дауыс беру жөніне белсенді өңірлерге тоқталсам:

 

Жамбыл 65%

Қостанай 65%

Кызылорда 65,70% дауыс берді

 

Еліміздің үш мегаполисіндегі ахуалға тоқталсам:

 

  • Астанада сайлаушылардың дерлік 41%
  • Алматыда 22,95%,
  • Шымкентте 43,89% і өз таңдауын жасады. Белсенділігі төмен электорат бұрынғыдай Алматы шаһарында тіркелген.

 

Елдегі учаскелердің жабылуына бір сағаттай ғана уақыт қалды. Астана уақытымен кешкі сағат сегізде Орталық сайлау комиссиясы кезекті брифингін ұйымдастырады. Сол кезде электораттың белсенділігі жайлы жаңарған мәліметті ұсынады. Сағат 20:00-де учаскелер жабылған соң, бірден дауыстарды санау басталады.