Президент жүктеген міндеттер Үкімет отырысында қаралып жатыр. LIVE

Инфляцияны 2 есе төмендетіп, тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4% болуын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ азық-түліктің бағасын реттеп, ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша толтыру қажет. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай міндеттер жүктеді. Президенттің Парламент сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары дәл қазір Үкімет отырысында қаралып жатыр.