Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтеді

Бүгін, ертең Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтеді.

Сессия жұмысына мыңнан аса адам қатысады деп күтіліп отыр. Олар "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" тақырыбында өз ойларын ортаға салады. Бірінші күні делегаттар мен сарапшылар арасында пікірталастар ұйымдастырылады. Ал ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сессияның пленарлық отырысы болады. Саясаттанушы Аман Мәмбеталиевтің айтуынша, Жаңа Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясына жаңа міндеттер қажет. Ол ассамблея өз рөлін шешуші сәтте орындағанына сенімді. Атап айтқанда, институт ұлтаралық алауыздықты болдырмауға көмектесті. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын белсенді түрде қайта жаңғыртып жатыр.

Аман Мәмбетәлиев, саясаттанушы:

- Елдің демографиялық балансы, саяси құрылым айтарлықтай өзгерді. Әрине, Қазақстан халық Ассамблеясына бұл әсер етпей қоймады. Енді толық трансформация керек деп ойлаймын. Басшылығына жас мамандар келді, бұл да Ассамблеяда оң жаққа өзгеріс жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Татьяна Липина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы:

- Қазақстан халқы Ассамблеясының түп мағынасын қарағанда оның төл идеясын дейікші, ол ең бастысы этностардың көрінуі. Себебі саяси ресми дискуста этностардың дауыстары міндетті түрде естілу керек. Себебі бізде бірнеше этнос бар. Сондықтан олардың барлығы Қазақстан халқына кіргендіктен, саяси жағынан әлеуметтік жағынан өздерінің сұраныс көрінісін уәкілетті органдар арқылы көрсету керек шығар деп ойлаймын. 

Бір жыл ішінде Ассамблея желісі бойынша 150 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 760 млн теңге болатын көмек алды. Этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қазақ тілін оқыту ісінде көп жұмыс атқарылды. Сарапшылар Ассамблея әлеуметтік мәселелерді, отбасылық-тұрмыстық, зорлық-зомбылық пен тәрбие мәселелерін көбірек қозғауы керек деп санайды.