Халықтың басым бөлігі ертеңгі күнге сенеді

Отандастарымыздың басым бөлігі ертеңгі жарқын күнге кәміл сенеді.

Стратегиялық зерттеулер институтының сауалнамасына қатысқан 8 мың респонденттің 72 пайызы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанына күмәны жоқтығын айтыпты. Оң баға берушілердің саны жағынан Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Сонымен қатар респонденттердің жартысына жуығы былтыр тұрмыс жағдайы жақсарғанын атап өтті. Ал 63,8 пайызының жақын уақытта әл-ауқатының артатынынан үмітті.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Респонденттер барлық саяси институттардың арасында ел Президентіне ең көп сенім білдіреді екен. 84,2 пайыз. Ел Президентіне респонденттердің арасында Ұлытау – 91,8, Қызылорда – 91, Павлодар – 90,3, облыстарында ең көп сенім білдіреді екен.