Отандастарымыз кез келген мемлекеттегі Қазақстанның елшілігінен қаржылай көмек ала алады.
Үкімет республика азаматтарына қандай жағдайларда ақшалай қолдау көрсетуге міндетті екендігін анықтап берді. Бұндай санаттарға: әскери іс-қимылдар, террористік акт, табиғи апаттар, кенеттен азаматтың қайтыс болуы немесе басқа елге күштеп алып кету жатады. Осы жағдайларға тап болған отандастарымыз Қазақстанның елшілігіне жүгініп, өз құжаттарын беріп, қаржылай көмек ала алады.
