Мемлекет басшысы көлік жүргізушілеріне арналған жобалармен танысты
Бүгін Мемлекет басшысына көлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жердегі материалдарды сақтандыру компанияларына беру жобасы таныстырылды.
Көлік құралына тексеріс енді түгелдей автоматты режимде жүргізіледі. Ол үшін арнайы онлайн-сервис әзірленген. Сол себепті бұдан былай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек болмауы тиіс. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы туралы материалдар сақтандыру компанияларына онлайн жіберіледі. Демек төлем жасау да оңтайлана түспек.