Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара толық шегенделді

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара толық шегенделді.

Тиісті шарт күшіне енді. Мұны сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Осылайша 20 жылға жуық уақытқа созылған процесс аяқталды. 100 раундтан тұратын келіссөздер өтті. Бұл оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты, өңіраралық және шекара маңындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді. Осылайша еліміздің мемлекеттік шекарасының оңтүстік бағыты заңды түрде рәсімделді.

Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында екі мемлекет басшылары қол қойды. Осы Шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді. Ұзындығы 2357 шақырым шекара сызығы 1301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8000 парақтан астам шегендеу құжаттарда көрсетілген.