Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді жүзеге асыру маңызды.
Мұны Президент айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады. Кездесуде заң мен тәртіпті сақтау, кәсібилік және еңбек адамының ролін арттыру секілді құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды. Бұдан бөлек Әлихан Байменов Президентке Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.