СҚО-да сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысының 32 ауылы мен бір аудандық маңызы бар Тайынша қаласында жаңадан әкімдер сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси науқан өңірде 27 тамыз күні өтеді деп жоспарлаған. Қазір оған дайындық қызу. Жауаптылардың айтуынша, басында 109 кандидат тіркелген. Алайда алтауы ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеді. Тағы екеуі тиісті құжаттарын сайлау комиссиясына уақытылы ұсынбаған. Осылайша, бүгінде 101 кандидат тіркеуден өтті. Оның 28-і саяси партиялардан болса, қалғаны – өзін өзі ұсынғандар. Қазір саяси науқан өтетін елді мекендерде 102 сайлау учаскесі жасақталды.
Сағындық Рахымжан, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Заң бойынша сайлау учаскелері 20 күн бұрын ашылады. 5 күн олар құжаттармен жұмыс істейді. Сайлауға 15 күн қалған кезде сайлаушылар өздері тізіммен таныса алады. Жалпы осы 32 округтық және 1 аудандық маңызы бір қаладағы сайлауға 50 мыңнан астам сайлаушы қатысады.