Мемлекет басшысы су кодексін қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ  су шаруашылығы инфрақұрылымын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндетін жүктеді. Су кодексін уақытылы қабылдау да кезек күтірмейтін мәселе, деді Президент.

Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын да аяқтауды тапсырды.