Президент Жолдауында экономикалық реформаларға басымдық берілген
"Дойче бан" компаниясының халықаралық даму жөніндегі директоры, Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңестің тең төрағасы Нико Варбаноффтың пікірі осыған саяды.
Сарапшының айтуынша, қазір Қазақстан көлік шығару, өнеркәсіп және логистика саласын дамытуға көп көңіл бөлуі керек және бөліп те отыр. Бұл орайда еліміздің көлік-логистика әлеуеті зор.
Нико Варбанофф, Deusche Bahn AG компаниясының халықаралық даму жөніндегі директоры:
- Мен Қазақстан президентінің халыққа Жолдауын мұқият саралап шықтым. Құжаттан Қазақстаның қандай рефрмаларды жүзеге асырғалы отырғанын анық байқауға болады. Әсіресе көлік пен логистикаға көп көңіл бөлінгені қуантады. Бұл сауда, өнеркәсіп және тағы басқа салалар үшін өте маңызды. Қазақстан - Германияның сенімді сауда серіктесі. "Дойче бан" мен "Қазақстан темір жолы" көп жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Біз байланысымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз.