Медицина қызметкерлеріне тұрғын үй бағдарламасы қажет
Астаналық медицина қызметкерлерінің 40 пайызында баспана жоқ.
Көпшілігі жалға алған пәтерде тұрып жатыр. Бұл жайында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибігүл Жексенбай мәлімдеді. Сенатор Семей сынақ полигоны аймағында еңбек еткен және кейін өзге өңірге қоныс аударған медициналық қызметкерлерге ешқандай әлеуметтік қолдау қарастырылмай отырғанын жеткізді.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша әскери қызметшілер және басқа да әлеуметтік жағынан әлсіз топтар өкілдеріне баспана алу мүмкіндігі бар. Біраө едиина ызметкерлеріне арналған жеңілдетілген үй алуға мүмкіндік беретін бірде бір қолжетімді бағдарлама жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұпғын үй бағдарламасы немесе жеңілдетілген несие беру бағдарламасын қабылдау мәселесін қарастыруды сұраймын.