Шетелдік сарапшы Қазақстанда АЭС салу туралы пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу мәселесінде халықтың пікірін ескеруі – нағыз демократияның көрінісі.
Бұл елдің ядролық бағдарламасының ашықтығы мен заңдылығын күшейтеді, дейді Венгрия экс-министрі Янош Шули.
цитата: «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран қоры бар мемлекет. Сондықтан атом электр станциясын салу туралы бастама өте орынды. Бұл Қазақстан үшін оң қадам және "жасыл энергетика" түрі. Республиканың энергетикалық балансының 1/3 бөлігін құрауы мүмкін. Әрі Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіден бейтарап ел атануына септігін тигізеді».
Янош Шули, Венгрияның "ПАКШ-2" атом электр станциясын кеңейту бойынша бұрынғы министрі: