Жолдаудың жүзеге асу барысы Президент әкімшілігінің бақылауында
Жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды.
Оны іске асыру Президент әкімшілігінің бақылауында. Бұл жайында Олжас Бектенов арнайы кеңес барысында айтты. Президент Әкімшілігінің Басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдар барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет, деді. Ел азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада жолдаудың шарапатын көруі тиіс.