Қ. Тоқаев: ЖОО арасында өңірлік теңсіздік бар
Медицина ғылымында нәтижелі ізденістер бар.
Қатерлі ісікке қарсы отандық ғалым Дос Сарбасов ойлап тапқан бірегей препарат – соның жарқын мысалы. Мұндай жобаларды жан-жақты қолдау керек. Президент ғалым Сарбасовтың Қазақстанда клиникалық зерттеулер хабын құру туралы ұсынысын ескеруді жөн санады.
Сонымен қатар ғалымдармен өткен басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындары арасында өңірлік теңсіздік байқалатынын тілге тиек етті. Мықты университеттердің көбі Астана мен Алматыда орналасқан. «Бұл ішкі көші-қон жүйесінің бұзылуына және өңірлердегі кадр тапшылығына әкеп соқтырады», – деді Мемлекет басшысы.