Әйел мен бала құқығы. Заң қабылданды
Бүгін Сенат Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңды мақұлдады.
Енді тұрмыстық жанжал шығарғандар заңмен жазаланады. Әйелдерге немесе балаларға дене жарақатын келтіргендер қылмыстық жазаға тартылады. Жағдай қайталанса, сот жәбірлеушіге қатысты шараны күшейтеді.
Айта кету керек, бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасымен парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заң жобасының тағы бір бағыты – бала қауіпсіздігі. Енді педофилдер мен баланың өмірін қиғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған немесе мүгедектігі бар балаларды орналастыратын арнайы мекемелерді мемлекеттік орган өкілдері ескертусіз тексеруге мүмкіндік алады.