Сенатор сақтандыру саласын дамытуды ұсынды
Елімізде тұрғын үйді міндетті сақтандыруды енгізу үшін мекемеаралық комиссия құру қажет.
Сенатор Бибігүл Жексенбай мүлікті табиғи апаттан сақтандыру мәселесіне назар аударды. Ол отандық сақтандыру компанияларының мүмкіндіктеріне талдау жасалу керек, деді. Халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасы әзірленуі тиіс. Ел аумағының 75%-ы табиғи апат қаупі жоғары аймаққа жатады. Бүгінде көптеген елде арнайы сақтандыру қорлары мен міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Шығындарды жабу үшін мемлекеттік қорлар құрылады, - деп атап өтті сенатор.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Биыл еліміздің бірқатар өңірін топан су басып, 13 мыңға жуық жеке тұрғын үй су астында қалды. Қазір Үкімет пен жергілікті билік оның зардаптарын жою бойынша кешенді шараларды жүргізіп жаты. алайда мұндай ТЖ-да шығындарды өтеу дің мемлекет бюджет пен қатар жаңа жолдарын да қарастыру уақыт талабы. Ешбір ел өз аумағында болған апат тәуекелінен залалды толық дербес өтей алмайды. Елімізде жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу мүмкіндігі соңғы жиырма жылда кезең-кезеңімен талқыланып келеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыс жүйелі, мақсатты жүргізілмегендіктен елімізде сақтандыру компанияларына сенім аса төмен.