Қазақ-малай серіктестігі. 7 келісім жасалды
Қазақстан мен Малайзия тарапы 7 түрлі салада бірлескен жобаны іске қосады.
Бүгін қос елдің үкімет басшылары қатысуымен өткен, инвестициялық жиында ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды.
Бұдан бөлек, екі мемлекеттің кәсіпкерлер палаталары және саяси зерттеу институттары бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ымыраға келді. Сонымен қатар еліміз Малай үкіметімен тау-кен байыту, ислам қаржысын тарту саласындағы серіктестік құруға уағдаласты.
Атап айтқанда, алтынды қайта өңдеу мен экспорттау, тамақ өндірісіне қажетті өнім шығару, трансформатор майларын өндіру бойынша, бірлескен зауыттар салынады.
Еркебұлан Ильясов, Аlageum electric компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы:
- Хайрикс Ойл деген Малайзия компаниясымен келісім шартқа қол қойдық. Ол компания Малайзияда трансформаторлық май және басқа да автокөлік майларын, компрессор майларын шығарадлы. Біздің келісім шарт – сол технологиямен Қазақстанға, Шымкент қаласына алып келіп, Малайзия технологиясымен сол майды шығару.
Луис Нг, Public gold компаниясының атқарушы директоры:
- Біз Малайзиядағы алтын өндіретін ірі компанияның атынан келіп тұрмыз. Бүгін Самрұқ-Қазынамен алтын саудасы, өндіріс және бизнес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Малайзия алтын бұйымдардың өндірісі мен экспорты жөніне алдыңғы қатарлы мемлекет. Ал Қазақстан алтын қорына бай ел. Сондықтан бүгінгі келісім алдағы уақытта жемісін беретініне сенімдімін.