Е. Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиында азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың және Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ақпараттары тыңдалды. Отырыс барысында Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары еліміздің азаматтығына қабылданғандар саны өсіп, одан бас тартқысы келетіндер саны азайып келе жатқанын атап көрсетті. Бұл қазақстандық азаматтығы институтының беделі артқанын білдіреді. Комиссия соңында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді.