Киберқауіпсіздік мәселесі талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ведомство басшыларымен кездесуде, киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, киберқауіптерді ерте анықтау және ұйым елдерінің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу керек.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды мысалға келтіріп, бұл елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін күш біріктіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі, Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік орталығын құру туралы Қазақстанның бастамаларын қолдау – өте өзекті, деді.

Бұдан бөлек Президент, климаттың өзгеруі мәселесіне де назар аудару керектігін айтты. Оның алдын алмасақ, мәселе планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін, деді.