Олжас Бектенов қос қаланың даму жоспарымен танысты

Қонаев және Алатау қалалары «ақылды шаһар» тұжырымдамасына сәйкес дамиды.

Қос қаланың ұзақ мерзімді даму жоспары Үкімет басшысы Олжас Бектеновке таныстырылды. Бір ғана Қонаев қаласында былтыр 15 үйдің құрылысы басталды. Биыл тағы 32 тұрғын үй салынады. Қалада 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 5 мың жұмыс орны ашылмақ. Үкімет басшысына Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективалары да таныстырылды. Оның аумағында 383 млрд теңгеге, 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олжас Бектенов бас жоспардың әрбір тармағының іске асырылуын баҚылауда ұстап, қала аумақтарының жобаларын әзірлеуді жеделдету тапсырды.