Қ. Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілін қабылдады

web.telegram.org/k/#@aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.
 
Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.