Президент Отардағы сарбаздың комаға түсіп қалуына кінәлілерді жазалауды талап етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы

Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл жайында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, әрі кеңесшісі Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Президент болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Сонымен қатар Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.