Орталық Азияда ауа сапасы жақсаруы мүмкін
Орталық Азия елдері ауа сапасын жақсарту мақсатында тәжірибе алмасады.
Ташкентте атмосфералық мәселелерге арналған алғашқы өңірлік басқосу ұйымдастырылды. Диалог алаңына 5 мемлекеттің өкілдері мен дүниежүзілік банк экологтары жиналды. Мамандардың айтуынша, Орталық Азияда Өзбекстан мен Тәжікстан ауаның ластануынан ең көп зиян шегіп отыр. Ал атмосферада шекара жоқ екенін ескерсек, мәселе көршілес мемлекеттерге де өзекті. Сондықтан ауа сапасын бақылауға жауапты мекемелер, оның ішінде гидрометеорологиялық органдар тәжірибе алмасуға ниетті. Бұл бағытта Қазақстан көршілес мемлекеттермен бірлесіп тың технологияларды қолдануға да басымдық бермек. Айта кетейік, жиынға еліміздің экология министрлігі мен «Қазгидромет» мекемесінің жетекшілері қатысты. Олар Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс қабылданғанын және оның аясында автоматтандырылған мониторинг жүйесін құруға ден қойылғанын атап өтті. Бұл іс халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланған.
Дана Ағыбаева, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:
- Бұл семинарға қатысудағы мақсатымыз – өзіміздің осы бағыттағы жұмысымызды көрсетіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі жақсы тәжірибелерді алу. Біздің мемлекетте көптеген жұмыстар атқарылуда. Жаңа көрсетілді Қазгидрометтің атқарған жұмыстары.